Рауль Гонсалес испаниялық «Реал Овьедо» клубының бас бапкері атанды
Испаниялық маман Рауль Гонсалес «Реал Овьедо» клубының бас бапкері болып ресми түрде тағайындалды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, 49 жастағы бапкер бұл қызметте 9 қарашада командадан кеткен Хулиан Калероның орнын басты. Бір қызығы, маманның отставкаға кетуіне «Овьедоның» чемпионаттың соңғы турында «Кадисті» 2:1 есебімен жеңуі де кедергі болмады.
Гонсалеспен жасалған келісімшарт 2028 жылдың маусымына дейін жарамды. Мадридтік «Реалдың» бұрынғы шабуылшысы үшін бұл кәсіби деңгейде негізгі команданы жаттықтырудағы алғашқы тәжірибе болмақ.
Бұған дейін Рауль «Реал» жүйесінде жұмыс істеп, жасөспірімдер командаларын жаттықтырды, кейін алты маусым бойы клубтың екінші командасы — «Кастильяны» басқарды. 2020 жылы оның жетекшілігімен мадридтік клубтың жастар командасы Жастар Чемпиондар лигасын жеңіп алды.
Бір қызығы, «Реал Овьедо» құрылымында жаңа бапкердің ұлы Эктор Гонсалес те өнер көрсетеді. Ол клубтың резервтік командасында ойнайды.
Раульдің «Овьедо» бас бапкері ретіндегі дебюті 14 қарашаға жоспарланған. Сол күні оның командасы Испания чемпионатының екінші дивизионы аясында «Жиронаны» қабылдайды.