locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Әл-Наср» Роналдусыз чемпиондық атағын қорғауды ірі жеңіспен бастады

Сауд Арабиясының қазіргі чемпионы жаңа маусымның алғашқы турында қарсыласының қақпасына жауапсыз үш гол соқты
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
«Әл-Наср» Роналдусыз чемпиондық атағын қорғауды ірі жеңіспен бастады
ФОТО: Getty images
Сауд Арабия про-лигасы
15.08.2026, Аяқт.
Аль-Наср
3
Аль-Фатх
0

«Әл-Наср» Сауд Арабиясы чемпионатының жаңа маусымын сәтті бастады. Бірінші турда елдің қазіргі чемпионы өз алаңында «Әл-Фатехті» 3:0 есебімен сенімді жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Алаң иелері 37-минутта есеп ашты. Габриэл қарсылас қақпасын дәл көздеді. Арада небәрі үш минут өткенде Жоау Феликс «Әл-Насрдың» басымдығын арттырып, командалар үзіліске 2:0 есебімен кетті.

Екінші таймда «Әл-Фатех» ойын барысын өзгертуге тырысқанымен, қарсылас қақпасына жол таба алмады. Ал 73-минутта Секу Койта үшінші голды соғып, кездесудің нүктесін қойды.

Сауд Арабиясы чемпионаты. 1-тур
«Әл-Наср» - «Әл-Фатех» - 3:0 (2:0)
Голдар:
Анжело Габриэл, 37 (1:0), Жоау Феликс, 40 (2:0), Секу Койта, 73 (3:0).

Осылайша, «Әл-Наср» чемпиондық атағын қорғау жолын үш ұпаймен және ірі жеңіспен бастады.

Роналду алғашқы турға қатысқан жоқ

Команданың басты жұлдызы Криштиану Роналду бұл кездесуді өткізіп алды. Португалиялық футболшы Джорджина Родригеспен өткен үйлену тойынан кейін команданың дайындығына өзгелерден кеш қосылды. Қолда бар мәлімет бойынша, жұп 11 тамызда некесін көпшілікке жарияламай қиған.

«Әл-Наср» келесі кездесуін 18 тамызда өткізеді. Сауд Арабиясы Чемпиондар кубогының 1/16 финалында команда «Әл-Драихпен» кездеседі.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie