locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Түрікше «сабын көпіршігі»: Суперлига клубтарының жұлдыздарға ақшасы қайдан?

Ерте ме, кеш пе, үздік клубтар құрған пирамида құлауы мүмкін
Мақалалар
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Түрікше «сабын көпіршігі»: Суперлига клубтарының жұлдыздарға ақшасы қайдан?
ФОТО: Getty Images

Еуропалық стандарт бойынша аса үздік саналмайтын Түркия Суперлигасының клубтарында ара-тұра Мохамед Салах деңгейіндегі ойыншылар пайда болып тұрады. Әрине, олар Түркияға шартты «Трабзонспорға» деген сүйіспеншіліктен емес, клубтар жұлдыздар үшін қомақты қаржы төлеуге мәжбүр болғандықтан келеді. Sports24.kz осы Суперлига ұжымдарының атақты легионерлерге ақшаны қайдан алатынын анықтап көруге тырысты.

Жанкүйерлерді ешқашан есептен шығаруға болмайды

Кірістің арыстандай үлесі жанкүйерлерге тиесілі. «Галатасарай» немесе «Фенербахче» сынды Ыстанбұлдың алып клубтары бір ғана өз алаңындағы матчтан үш миллион еуроға дейін табыс таба алады.

Клубтар жанкүйерлердің махаббатын түрлі атрибутика сату арқылы да табыс көзіне айналдырып отыр. УЕФА дерегі бойынша, өткен маусымда «Галатасарай» 85 миллион еуроға мерч сатқан — бұл көрсеткішпен олар Еуропада тоғызыншы орынға шығып, «Манчестер Сити» мен ПСЖ-ны басып озды.

Осындай қызу қолдау демеушілерді сөзсіз тартады: түрік алыптарына, мысалы, стадион атауын сату әлдеқайда оңай. Тек бір ғана «Галатасарай» маусым сайын стадион атауын сатудан тоғыз миллион еуроға жуық қаржы алады.

Қаржылық айла-шарғылар да іске қосылады

Әрине, тұрақты табысты қамтамасыз ету үшін тек жанкүйерлердің қолдауы жеткіліксіз. 2021 жылға қарай Түркияның төрт алыбы — «Галатасарай», «Фенербахче», «Бешікташ» және «Трабзонспор» — жиыны 1,7 миллиард еуро қарыз жинаған еді. Жергілікті банктер бұл қарызды тек бірнеше жылға бөліп қана қоймай, оны еуродан жергілікті валюта — лираға да аударып, қайта құрылымдауға көмектесті.

Түрік клубтарына соңғы бес жылда ұлттық валютаның бағамы бес есеге дейін құлдырағаны қатты көмектесті — бұл қарызды өтеуді жеңілдетті. Себебі, кей табыстарын (мысалы, УЕФА-дан сыйақы) еуромен алатын клубтар көбіне негізгі операциялық шығындарын лирамен өтейді.

Сондықтан клубтар валюта бағамының күрт құлауын тиімді пайдаланып, қарыздарын жылдам жаба бастады. «Трабзонспор» мен «Фенербахче» мұны әлдеқашан жүзеге асырды, жылына тек пайызға 50 миллион еуро төлейтін «Бешікташ» та қарыздан құтылуға жақын.

«Қару-жарақ жарысы» – «домино әсерін» тудырады

Бір топ-клубқа Салах секілді жұлдыздардың келуі «домино эффектісін» іске қосады, өйткені қалған алпауыттар бұл деңгейден қалыс қалмау үшін бәсекеге түседі.

Оған қоса, клубтардың УЕФА алдында көрсеткіштері таза: билет пен атрибутика сатудан түсетін ресми табыстар өсіп келеді, сондықтан олар қаржылық фэйр-плейге іліге қоймайды, бірақ шекараға жақын жүр.

Weszlo шолушыларының пікірінше, мұндай ахуал «карточкалық үйшік» жасайды. Егер еурокубоктан немесе басқа да табыстардан түсетін кірістер қазіргі деңгейде сақталмаса, бұл «үйшік» оп-оңай құлап түсуі мүмкін. Мұндай құлдыраудың салдары қандай болары – тек болжау ғана қалады…

Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie