locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина US Open-ға қатыспай-ақ әлемнің бірінші ракеткасы атануы мүмкін: бұл қалай жүзеге асады?

Егер Соболенко, Пегула мен Гауфф Нью-Йорктегі турнирде чемпион атанбаса, қазақстандық теннисшіге қазіргі жинаған ұпайы да жеткілікті болуы мүмкін
Рыбакина US Open-ға қатыспай-ақ әлемнің бірінші ракеткасы атануы мүмкін: бұл қалай жүзеге асады?
ФОТО: Getty images

Елена Рыбакина мансабында алғаш рет WTA рейтингінің көшін бастау мүмкіндігін сақтап отыр. Бір қызығы, тарихи жетістікке жету үшін қазақстандық теннисшіге US Open-2026 турнирінде кортқа шығудың өзі міндетті болмауы мүмкін, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бұл жағдай Цинциннатидегі турнирден кейін ерекше өзекті бола түсті. Рыбакина ширек финалда Ига Швентекке қарсы матчта жарақат алды. Қазақстандық теннисші әзірге АҚШ ашық чемпионатының жекелей сынына қатыспайтынын ресми түрде мәлімдеген жоқ. Дегенмен маусымның соңғы «Үлкен дулыға» турнирі қарсаңында оның жағдайы алаңдатып отыр.

Соған қарамастан, рейтингтегі есеп Рыбакина үшін өте қолайлы қалыптасуы мүмкін. Өткен жылғы US Open үшін берілген ұпайлар алынып тасталғаннан кейін Еленаның еншісінде 7901 ұпай қалады. Тіпті ол Нью-Йоркте мүлде ойнамаса да, қарсыластарының нәтижесіне байланысты осы көрсеткіш бірінші орынға шығуға жеткілікті болуы ықтимал.

Рыбакинаның негізгі қарсыласы - Арина Соболенко. Беларусь теннисшісіне Еленаны басып озу үшін турнирде алысқа бару жеткіліксіз, ол міндетті түрде чемпион атануы керек. Егер Соболенко финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде жеңілсе, оның еншісінде 7875 ұпай болады. Бұл Рыбакинадан 26 ұпайға аз.

Джессика Пегула мен Кори Гауффтың жағдайы да ұқсас. Тіпті финалға дейін жеткеннің өзінде америкалық теннисшілер Рыбакинаны басып оза алмайды.

US Open-2026 турнирінен кейінгі ықтимал рейтинг:

• Елена Рыбакина - 7901 ұпай
• Арина Соболенко финалда жеңілсе - 7875 ұпай
• Джессика Пегула финалға шықса - 7785 ұпай
• Кори Гауфф финалға шықса - 7764 ұпай

Осылайша, Рыбакина US Open-ға қатыса алмаса, бәрі оның үш басты қарсыласының нәтижесіне байланысты болады. Соболенко, Пегула немесе Гауфф қазақстандық теннисшіні рейтингтің бірінші орнына жібермеу үшін міндетті түрде турнир жеңімпазы атануы тиіс.

Қызық жағдай қалыптасып отыр: Рыбакина бүкіл турнирді корт сыртында өткізіп, соған қарамастан жарыс аяқталған соң алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атануы мүмкін.

Бұл Қазақстан теннисі үшін тарихи жетістік болмақ. Бұған дейін ел атынан өнер көрсеткен бірде-бір теннисші әйел WTA рейтингінің бірінші сатысына көтерілген емес.

US Open-2026 Нью-Йоркте 30 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында өтеді. Енді назар тек Рыбакинаның жағдайына емес, оның басты қарсыластарының нәтижесіне де ауады.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie