Рыбакинадан кейін: Швентек те US Open-нің микстінен бас тартты
АҚШ ашық чемпионатының аралас жұптар турнирінің тізімі елеулі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Елена Рыбакина қатысудан бас тартқан болатын, ал оның ізін ала Цинциннатидегі қарсыласы да турнирге қатыспайтынын хабарлады, деп жазады Sports24.kz.
Поляк теннисшісі Ига Швентек, Қазақстанның екінші ракеткасын техникалық жеңіспен ұтқан спортшы, бұл турнирде норвегиялық Каспер Руудпен жұптасып өнер көрсетуі тиіс еді, алайда миксте ол шықпайды:
«Соңғы бірнеше апта өте ауыр болды, сондықтан командаммен ақылдаса отырып, US Open-нің микстінен бас тартқаным дұрыс деп шештім.
Қазір маған бірнеше күн демалып, күш жинап, жеке разрядқа толық дайындалу керек», — деді Швентек.
Нәтижесінде Швентектің серіктесі ресейлік Диана Шнайдермен жұптасады. Рыбакина америкалық Тейлор Фрицпен өнер көрсетуі керек еді, алайда Фриц өз отандасы Джессика Пегуламен жұптасады. Пегула бастапқыда британдық Джек Драпермен ойнауы тиіс болған, бірақ ол да аралас жарысқа қатыспайды.