Күтпеген жағдай: Абдуқодир Хусанов Сатпаевпен бір командада ойнауы мүмкін
Лондондық «Челси» қаңтардағы күтпеген трансфер қарсаңында «Манчестер Сити» қорғаушысы Абдуқодир Хусановты бақылап жүр, деп хабарлайды Sports24.kz.
Caught Offside мәліметінше, «Челси» қаңтар айы қарсаңында «Манчестер Сити» қорғаушысын жіті бақылап отырған клубтардың бірі.
22 жастағы футболшы «Манчестер Ситиде» өткізген уақытында жаман нәтиже көрсеткен жоқ. Алайда оның Энцо Мареска командасының негізгі құрамында тұрақты түрде ойнай алатыны әзірге белгісіз.
Бұл жағдай «Челсиді» Хусановты мұқият бақылауға итермеледі. Өйткені команда маусымдағы Премьер-лиганың алғашқы бес матчында қақпасына 12 гол жіберіп алғаннан кейін, қаңтарда қорғанысын күшейтуді қажет ететін сыңайлы.
Сонымен қатар Англия Премьер-лигасының тағы үш клубы қорғанысын күшейту үшін Хусановты қарастырып жатқаны хабарланды.
Осы маусымда Өзбекстан құрамасының 22 жастағы қорғаушысы барлық турнирде алты матч өткізіп, нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ.