Хусанов «Ман Ситидің» орнына МЮ сапында болуы мүмкін еді: күтпеген мәліметтер жарияланды
«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы скауты Николас Чиналли Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусановты манкуниандық клубқа ұсынғанын айтты, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Өзбекстанның U-20 құрамасының әлем чемпионатындағы матчтарын тамашалап отырып, Хусановқа назар аудардым. Оның үш басты қасиеті ерекше әсер қалдырды: жылдамдығы, қуаты және шоғырлануы. Абдукодирдің «Манчестер Юнайтедке» сай келетініне сенімді болдым – ол кезде оның бүкіл командасы өте ұйымшыл еді», – деп маманның сөзін ASnews.kz келтіреді.
Айта кетейік, Хусанов 2025 жылдың қысында Англияға ауысты. Трансфер құны 40 миллион еуроны құрады. Сол уақытқа дейін қорғаушы Францияның Лига 1 чемпионатында ойнап, Еуропа деңгейінде өзін танытып үлгерген еді.
Өзбекстандық қорғаушы «Этихадта» тұрақты түрде ойын тәжірибесін алып жүр. «Манчестер Ситимен» бірге Хусанов Англия кубогы мен Англия лигасы кубогының иегері атанды.
Осы маусымда 22 жастағы Хусанов барлық турнирде бес матч өткізіп, алаңда жалпы 401 минут болды және нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ.