«Барыс» капитаны ҚХЛ маусымындағы команданың мақсаттарын ашып айтты
«Барыс» капитаны Кирилл Савицкий астаналық команданың ҚХЛ-дағы жаңа маусымға қойған мақсаттарын атады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Шабуылшы Михаил Кравец жаттықтыратын ұжымның ең төменгі міндеті — плей-оффқа шығу екенін айтты.
«Маусымдағы міндет қандай? Плей-оффқа шығу. Ең төменгі мақсат. Сәттерді тиімді пайдалана алатын жаңа жігіттер келді. Алдымызда әлі өте көп ойын бар болғандықтан, жолымызды кесіп қойғым келмейді. Жалпы, жігіттер керемет, олардың мұнда не үшін келгенін бәрі түсінеді. Барлығы бір-біріне қолдау көрсетеді. Командамызда осындай ұйымшыл, жауапты әрі тамаша ойыншылардың болғаны қуантады», — деді Савицкий «Динамомен» өткен матчтан кейін Metaratings.ru сайтына берген сұхбатында.
Еске салайық, «Барыс» сырт алаңдағы сериясын мәскеулік «Динамоны» 4:1 есебімен ойсырата жеңумен аяқтады.
Осы жеңістің арқасында астаналық клуб қоржынына 10 ұпай қосты. «Барыс» келесі матчын 25 қыркүйекте өз алаңында «Нефтехимикке» қарсы өткізеді.