«Арсенал» бас бапкерімен жаңа келісімшартқа келісті
«Арсенал» командасының бас бапкері Микель Артета лондондық клубпен жаңа келісімнің талаптарын келісті. 44 жастағы испаниялық маманмен келісімшарт 2029 жылға дейін есептелген, деп хабарлайды Sports24.kz.
BBC мәліметінше, Артета жылына 10 миллион фунт жалақы алады. Сонымен қатар маман бонустар түрінде тағы 5 миллион фунтқа дейін табыс таба алады.
Бапкердің «Арсеналмен» қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды.
Артета лондондық команданы 2019 жылдың желтоқсанынан бері басқарып келеді. Осы уақыт аралығында «канонирлер» оның жетекшілігімен 360 матч өткізіп, 224 рет жеңіске жетті, 60 кездесуде тең ойнап, 76 рет жеңілді.
Өткен маусымда испаниялық маман «Арсеналды» АПЛ чемпионы атандырды. Бұл лондондық клубтың 22 жылдағы алғашқы чемпиондығы болды. Сонымен қатар Артета кезінде команда 2020 жылы Англия кубогын және 2020, 2023 және 2026 жылдары ел Суперкубогын жеңіп алды.
Қазір «Арсенал» АПЛ турнирлік кестесінде екінші орында тұр. «Канонирлер» көш басындағы «Манчестер Ситиден» үш ұпайға қалып келеді. Келесі кездесуін команда халықаралық үзілістен кейін, 10 қазанда өз алаңында «Лидске» қарсы өткізеді.