locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео: Арман Царукян қазақстандық және өзбекстандық шоколадты салыстырды

Арман Царукян неліктен қазақстандық шоколадты таңдайтынын айтты
Видео: Арман Царукян қазақстандық және өзбекстандық шоколадты салыстырды
ФОТО: Getty images

UFC файтері Арман Царукян қазақстандық шоколадқа деген ықыласын тағы бір мәрте білдірді. Бұл жолы спортшы Қазақстанда өндірілетін шоколадты неліктен үнемі өзімен бірге алып жүретінін түсіндірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Царукян Өзбекстанның Sport Ko’zgusi спорттық YouTube-арнасының шығарылымына қатысты. Түсірілім тобы Арменияға арнайы барып, файтермен бірге велосипед теуіп, табиғат аясында жаяу серуендеген.

Серуен кезінде жүргізуші Царукянның бұған дейін қазақстандық шоколад туралы айтқан сөздерін еске салып, оны неге жиі мақтайтынын сұрады. Сондай-ақ блогер спортшыға бұл шоколад шынымен ұнай ма, әлде өндірушімен жарнамалық келісімі бар ма деген сауал қойды.

Бұған дейін Царукян қазақстандық шоколадты әлемдегі ең дәмді шоколад деп атаған еді. Бұл жолы ол өндірушілермен ешқандай келісімшарты жоқ екенін, шоколадты адамдардың сыйлайтынын айтты.

«Жоқ, маған адамдар жай ғана сыйлайды. Сыйлайды, ал маған оның дәмі ұнайды. Өте дәмді. Міне, қарашы, бауырым, үнемі өзіммен бірге алып жүремін. Өзбекстанда мұндай шоколад жоқ», - деді Царукян.

Жүргізуші келесі кездесуде оған өзбекстандық шоколад алып келуге уәде берді. Осылайша Царукян қазақстандық және өзбекстандық шоколадтың дәмін салыстыра алады.

Бұл Царукянның Қазақстан мен қазақ асханасы туралы жылы пікір білдіруі алғаш рет емес. Бұған дейін ол қазақстандық файтер Қуат Хамитовқа отандық шоколадты жиі жеуге кеңес берген. Ал осы түсірілім барысында бірлескен жаттығудан кейін қонақтарға бешбармақ әзірлеген.

Арман Царукян соңғы жекпе-жегін UFC 331 турнирінде бразилиялық Маурисио Руффиге қарсы өткізді. Кездесу бірінші раундтың аяқталуына төрт секунд қалғанда мәресіне жетті - Царукян қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді.

Алғашқы бес минуттың басым бөлігінде армениялық файтер қарсыласын күрес пен клинчте бақылауда ұстап, раунд соңында шынтақпен бірнеше ауыр соққы жасады.

Бұл 29 жастағы Царукянның UFC-дегі 11-жеңісі және қатарынан алтыншы жеңісі болды. Оның кәсіби ММА-дағы рекорды - 24 жеңіс және үш жеңіліс. Соңғы рет Царукян 2022 жылдың маусымында Матеуш Гамротқа төрешілер шешімімен есе жіберген.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie