Конференциялар лигасы «Қайрат» ойыншыларына тәнті болды
УЕФА Конференциялар лигасының ресми аккаунты италиялық «Аталантаға» қарсы матчта «Қайрат» жасаған әдемі голдық комбинацияға назар аударды. Алматылықтардың нәтижелі шабуылының видеосы турнирдің әлеуметтік желілерінде қайта жарияланды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Бұл эпизод сырт алаңдағы ойынның 53-минутында болды. Эдмилсон Марк Гуальға дәл пас берді. Ол қақпашымен бірге-бір шығып, допты қарсылас қақпасына тоғытты.
Қазақстандық команданың комбинациясы турнир өкілдерін де тәнті етті. Матчтан екі апта өткен соң Конференциялар лигасының баспасөз қызметі голдың видеосын жариялап, оған арнайы жазба қосты.
«Эдмилсон мен Гуаль бір-бірін мінсіз түсінеді», - делінген жазбада.
Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Осы нәтиженің арқасында «Қайрат» италиялық клубпен сырт алаңдағы матчта бір ұпай еншіледі.
«Қайраттың» Конференциялар лигасындағы мүмкіндіктері
Алматылық клуб осы маусымда еурокубоктерде Қазақстанның намысын қорғап қалған соңғы өкіл. Былтыр команда Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсетсе, биыл Конференциялар лигасының плей-офф кезеңіне шығу үшін күресіп жатыр.
Үш турдан кейін «Қайраттың» еншісінде екі ұпай бар, команда жалпы кестеде 27-орында тұр. Плей-оффқа шығу үшін 24-орыннан төмен түспеу қажет. Өтпелі аймаққа дейін командаға доп айырмасы бойынша үш гол жетіспейді.
Келесі турда алматылықтар өз алаңында тоғызыншы орында тұрған швециялық «Мьельбюмен» ойнайды. 10 желтоқсанда Қазақстан командасы өз алаңында сегізінші сатыдағы румыниялық «Университатя Крайовамен» кездеседі.
Жалпы кезеңдегі соңғы матчты «Қайрат» 17 желтоқсанда Нидерландта «Твентеге» қарсы өткізеді.