locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» ҚХЛ матчында «Авангардтан» жеңіліс тапты

Астаналық клуб алғашқы кезеңде жауапсыз екі шайба өткізіп алды
Хоккей
«Барыс» ҚХЛ матчында «Авангардтан» жеңіліс тапты
«Барыс» ҚХЛ матчында «Авангардтан» жеңіліс тапты

Астаналық «Барыс» Континенталдық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясындағы кезекті матчта омбылық «Авангардқа» есе жіберді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесу ресейлік клубтың 3:1 есебімен жеңісімен аяқталды.

Омбылықтар бастапқы кезеңде Қазақстан командасының қақпасын екі рет дәл көздеп, басымдыққа ие болды. Екінші жиырма минуттықта қарсыластар бір-бір шайбадан соқты, ал матчтың соңғы кезеңінде гол соғылған жоқ.

Осылайша, астаналық команда екі шайбалық айырманы қысқарта алмады.

«Авангард» - «Барыс» - 3:1 (2:0, 1:1, 0:0).

Кездесу қорытындысы бойынша «Барыс» Чернышев дивизионында төртінші орында тұр.

Қазақстандық клуб ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясындағы келесі матчын 22 қарашада өткізеді.

Азамат Қамза
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie