locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасына қатысқаны үшін жарты миллиард теңгеден астам қаржы алады

УЕФА-дан төленетін қаржы көлемі белгілі болды
Футбол
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасына қатысқаны үшін жарты миллиард теңгеден астам қаржы алады
Фото: КФФ

Қазақстан футбол құрамасының Ұлттар лигасына қатысуы Қазақстан футбол федерациясына жарты миллиард теңгеден астам кіріс әкеледі, деп хабарлайды Sports24.kz.

Дереккөздің мәліметінше, Еуропа футбол қауымдастықтары одағы төлейтін қаржы көлемі 1 миллион 125 мың еуроны құрайды. Ұлттық валютаға шаққанда бұл шамамен 556,8 миллион теңге.

Ұлттар лигасының қаржылық моделі бойынша ұлттық футбол қауымдастықтарына жарысқа қатысқаны үшін төлем жасалады. Сыйақы көлемі, соның ішінде, құраманың қай дивизионда өнер көрсететініне байланысты.

Қазақстан 2018 жылы турнир құрылған кезден бастап Ұлттар лигасына қатысып келеді. Ұлттық құрама үшін ең сәтті маусымдардың бірі — 2022/23 жылғы дода. Сол кезде Магомед Әдиев жаттықтырған қазақстандық футболшылар C лигасындағы тобында жеңіске жетіп, жоғары дивизионға көтерілді.

Турнирге қатысу спорттық нәтижелермен қатар, ұлттық федерацияларға УЕФА-дан қосымша қаржы алуға мүмкіндік береді.

Әңгіме Қазақстан футбол федерациясына төленетін қаржы туралы болып отыр, ұлттық құрама ойыншыларына берілетін жеке сыйақы жайында емес. Көрсетілген қаражаттың бұдан әрі қалай бөлінетіні туралы ақпарат жоқ.

Азамат Қамза
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie