Конференция лигасының жеребесі: «Астана» мен «Елімай» қарсыластарын қашан және қай уақытта біледі?
Тек «Қайрат» қана емес, 16 маусым күні іріктеу кезеңінің қарсыласын біледі. Сол күні Конференция лигасының бірінші іріктеу раундының жеребесі де өтеді, оған «Астана» мен «Елімай» қатысады, деп хабарлайды Sports24.kz.
УЕФА-ның ресми сайтының ақпараты бойынша, жеребе рәсімі әдеттегі іріктеу кезеңдеріне қарағанда кештеу – Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де басталады. Қазіргі уақытта әр командада 26 ықтимал қарсылас бар, бірақ бұл шеңбер тарылмақ.
- Сондай-ақ оқыңыз: «Қайраттың» қатысуымен өтетін Чемпиондар лигасының жеребесі қашан және қай уақытта болатыны белгілі болды
Жеребе барысында командалар топтарға бөлінеді, олардың құрамы 16 маусым күні Астана уақытымен 11:30-дан кейін белгілі болады.
Айта кетейік, Кубок иегері мәртебесінде «Тобыл» Конференция лигасының екінші іріктеу раундысынан бастайды — оның жеребесі, сондай-ақ «Астана» мен «Елімай» үшін үшінші раундқа апарар жолды анықтайтын рәсім 17 маусымда өтеді.
Бұл кезеңдегі матчтар 9 және 16 шілдеде өтеді. Матчтардың кезегі жеребеде анықталады.
