locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Әже» лақап аты, 25 жастағы дебют: Кабо-Верденің қаһарманы Возинья кім?

Оның есімі – бразилиялық қорғаушының құрметіне, ал лақап аты ұнамсыз болған
«Әже» лақап аты, 25 жастағы дебют: Кабо-Верденің қаһарманы Возинья кім?
ФОТО: x.com/FIFAWorldCup

Кабо-Верде құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойында Испаниямен 0:0 есебімен тең ойнағаны үшін өз қақпашысы Возиньяға алғыс айтуы керек. Sports24.kz Instagram-да жаңадан миллионер атанған футболшыны зерттеп көрді.

Бір матчта 40 мыңнан екі миллионға жуық жазылушы

Испаниямен матчқа дейін Возиньяның Instagram-да небәрі 40 мың жазылушысы болған, алайда оның жарқын ойыны әлеуметтік желідегі аудиторияны таң қалдырды: оның парақшасы 40 есе өсіп, бір жарым миллионнан астам жанкүйер жинады.

Неліктен дәл Возинья?

Қақпашының шын аты – Жосимар, әкесі оны 1986 жылғы әлем чемпионатында ойнаған бразилиялық қорғаушының құрметіне атаған. Бірақ ол әжесінің қолында өскен, ал аулада балалар оны «Возинья» деп мазақ ететін – португалша бұл «әже» дегенді білдіреді. Бұл лақап ат оған мүлде ұнамаған.

Анголада өнер көрсеткен жылдары Жосимар командада өзінің есімін пайдалана алмады, сондықтан басқа ат таңдауына тура келді. Тағдырдың тәлкегімен, ол... дәл осы «Возинья» лақап атын алған.

Кәсіби футболдағы дебют – 25 жаста

2012 жылға дейін Возинья туған жерінде тек әуесқой командаларда өнер көрсетті. Ол кәсіби деңгейде алғаш рет 25 жасында ғана ойнады – Анголаның «Прогрессо» клубына ауысқан еді.

2015 жылы ол Кишиневтің «Зимбру» командасына барып, содан кейін тек Еуропа клубтарында ойнады. Оның қатарында «Жил Висенте», Кипрдің АЕЛ-і, Словакияның «Тренчині» және қазіргі таңда Португалияның «Шавеші» бар.

Кабо-Вердемен бесінші турнир

Әлем чемпионаты Возинья үшін Кабо-Верде құрамасындағы бесінші турнир болып отыр, оның төртеуі – Африка Ұлттар кубогы. Айта кетсек, сол төрт турнирдің үшеуінде Кабо-Верде топтан шығып, үздік нәтижесін – 2013 және 2023 жылдардағы ширек финалға шығу көрсеткішін тіркеген.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie