locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Каспий» ата-аналар мен бапкерлердің шағымына жауап берді: клуб жалақы бойынша берешекті өтеді

Сондай-ақ клуб алдағы уақытта төлемдердің уақытылы жасалуын қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізіп жатыр
Футбол
«Каспий» ата-аналар мен бапкерлердің шағымына жауап берді: клуб жалақы бойынша берешекті өтеді
«Каспий» ата-аналар мен бапкерлердің шағымына жауап берді: клуб жалақы бойынша берешекті өтеді

«Каспий» футбол клубы әлеуметтік желілерде балалар мен жасөспірімдер футболындағы мәселелер талқыланып жатқан тұста ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Клуб бапкерлер алдындағы берешектің толық өтелгенін, спорт инфрақұрылымына қатысты мәселенің шешілгенін хабарлап, жас футболшылардың жарыстарға қатысуын қаржыландыру тәртібін түсіндірді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта бапкерлерге жалақы бойынша берешектің бәрі төленген. Сондай-ақ клуб алдағы уақытта төлемдердің уақытылы жасалуын қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

Тағы бір мәселе «Жас Қанат» спорт кешені мен стадионын пайдалану болды. «Каспийдің» хабарлауынша, бұл мәселені реттеу мүмкін болған. 16 қарашадан бастап оқу-жаттығу процесі қайта жанданып, қалыпты режимде өтіп жатыр.

Бұған дейін жас футболшылардың ата-аналары жаттығулардың үзілуіне байланысты көпшілік алдында шағымданған еді. Олардың айтуынша, клубта BS Arena жеке алаңының жалдау ақысын төлеуге қатысты мәселе туындағандықтан, балалар бір аптаға жуық алаңға шықпаған. Отбасылар жарыстарға бару шығындарын, соның ішінде жол, тұру және тамақтану ақысын өздері төлейтінін де айтқан. Ата-аналардың бірінің сөзінше, бір баланың сырт алаңдағы турнирге қатысуы шамамен 150 мың теңгеге түскен.

Клубтағы төлем мәселелері бұған дейін де көтерілген. Қазан айында «Каспий» қызметкерлері мен бапкерлері шілде, тамыз және қыркүйек айларының жалақысы кешіктіріліп жатқанын хабарлаған болатын.

Клуб жаңа мәлімдемесінде балалар командаларын қаржыландыруға қатысты жағдайды да түсіндірді. 2009–2014 жылдары туған футболшылар бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес Қазақстан чемпионаттарына қатысады. Ал 2015–2018 жылдары туған балалардың ел біріншіліктеріне қатысуы жоспарда қарастырылмаған.

«Каспий» клубтың күнтізбелік жоспарына енгізілген ресми жарыстарға жұмсалатын шығын мемлекеттік бюджеттен өтелетінін атап өтті. Сондықтан клуб мұндай турнирлерге ата-аналардан ақша жинамауы керек.

Сөз соңында клуб басшылығы жаттығу процесінің үздіксіз өтуін қамтамасыз етіп, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен ашық байланыс орнатуға ниетті екенін мәлімдеді.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie