locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Иван Ордецтің «Ақтөбе» сапында неге жоқ екені белгілі болды

Қорғаушының қатардан тыс қалуы тек медициналық көрсеткіштерге байланысты
ФОТО: kazfootball.kz

«Ақтөбеге» жаңа бас бапкер келгеннен кейін қорғаушы Иван Ордецтің команда құрамында неге жоқ екені белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Игорь Черевченко команда тізгінін ұстағаннан кейін Ордец алдымен негізгі құрамға, кейін ақтөбеліктердің матчқа өтініміне де енбей қалды.

«Ақтөбе» клубының баспасөз қызметі хабарлағандай, қорғаушының қатардан тыс қалуы тек медициналық мәселелерге байланысты. Украиналық футболшы жарақатынан кейін ем қабылдап, оңалту курсынан өтіп жатыр. 15 қыркүйекте ол жоспарлы МРТ-дан өтеді, ал Ордецтің жалпы топқа шамамен 20 қыркүйекте оралуы күтілуде.

Осы маусымда 34 жастағы украиналық футболшы барлық турнирде 23 матч өткізіп, төрт гол соқты және бір нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, ҚПЛ-дің 24 турында кейін «Ақтөбе» 38 ұпаймен турнир кестесінде бесінші орында тұр. Ақтөбелік клуб келесі матчын 12 қыркүйекте сырт алаңда ақтаулық «Каспийге» қарсы өткізеді.

Еске салайық, «Ақтөбе» соңғы матчында «Женисті» 1:0 есебімен қиындықпен жеңді. Орталық стадионда өткен кездесу ұзақ уақыт бойы голсыз өтіп, алайда Черевченко шәкірттері ойынның соңында қарсыласын тізе бүктірді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie