locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ислам Чесноковтың «Крылья Советовқа» ауысуына жанкүйерлер әртүрлі пікір білдірді

Жанкүйерлер Чесноковтың «Крылья Советовқа» трансферіне қатысты пікір таластырды
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Ислам Чесноковтың «Крылья Советовқа» ауысуына жанкүйерлер әртүрлі пікір білдірді
ФОТО: KFF

Қазақстандық футболшы Ислам Чесноковтың «Крылья Советов» сапына ауысуы әлеуметтік желіде қызу талқыланды.

Трансфер ресми жарияланғаннан кейін ресейлік клуб пен қазақстандық спорт парақшаларының жазбаларына ондаған пікір қалдырылды. Жанкүйерлердің бір бөлігі бұл ауысымды оң бағалап, футболшыға жаңа командасында сәттілік тіледі.

Кейбір жанкүйерлер Чесноковқа алаңнан өз орнын табу қажет екенін атап өтті. Ал енді бірі оның бұрынғы командаласы Роджер Матоны еске алды. Ол да бұған дейін «Крылья Советов» сапында өнер көрсеткен.

Sports24.kz Чесноковтың трансферінен кейінгі жанкүйерлердің ең көп талқыланған пікірлерін жинады.

«Бір жерде ұзақ тұрақтамайтыны алаңдатады. Сәттілік!»

«Оны тек қапталда ұстап қоюдың қажеті жоқ. Қақпаға жақынырақ ойнауы керек. Енді оған алаңнан өз орнын табу қажет…»

«Ол біздің Роджер Матомен бір командада ойнаған. «Крылья Советов» үшін жақсы трансфер».

«Тек қосалқы құрамда отыру үшін алды ма?)»

Сонымен қатар қазақстандық жанкүйерлердің бір бөлігі футболшыны елге қайтарғаннан кейін көп ұзамай қайта жалға берген «Тобылдың» шешімін түсінбегенін жазды.

«Ислам мен «Тобылды» түсінбей отырған жалғыз мен бе? «Хартстан» ақшаға қайтарып алып, екі айдан кейін «Крыльяға» жалға берудің мәні неде?»

«Бұл әрекеттерді түсінбедім. Оны жалға алды ма, әлде сатып алды ма? Қостанайлықтардың түсініксіз әрекеттері екен».

«Бекер кетіп барады, кейін өкінеді. Тек жақсы ақша табу үшін барған сияқты».

Сын пікірлермен қатар Чесноковты қолдағандар да аз болған жоқ. Жанкүйерлер футболшыға сәттілік тілеп, қол шапалақтау мен от эмодзилерін қалдырды.

Еске салайық, 18 тамызда Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков самаралық «Крылья Советов» ойыншысы атанды. Ресейлік клуб 26 жастағы футболшыны қостанайлық «Тобылдан» кейіннен сатып алу құқығымен жалға алды.

2026 жылдың қаңтарында «Тобылмен» келісімшарты аяқталған Чесноков мансабын Еуропада жалғастыруға шешім қабылдап, еркін агент ретінде шотландиялық «Харт оф Мидлотианға» ауысты. Эдинбургтік клуб сапында қазақстандық футболшы барлық турнирде 11 матч өткізіп, бір гол соқты және командасымен бірге Шотландия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.

Чесноковтың Шотландиядағы кезеңі шамамен жарты жылға созылды. Маусым айында ол «Тобылға» қайта оралса, араға екі ай салып Ресей Премьер-лигасына аттанды. Қостанайлық клуб сапында жартылай қорғаушы жалпы 101 матч өткізіп, 29 гол соқты және 17 нәтижелі пас берді.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie