Чесноковтың «Крылья Советов» сапындағы дебюттік матчы ойсырата жеңіспен аяқталды
2026/2027 жылғы маусымдағы Ресей Премьер-лигасының 5-тур ойыны аяқталды, онда тольяттылық «Акрон» мен самаралық «Крылья Советов» кездесті, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесу Самарадағы «Солидарность Самара Арена» стадионында өтті. Самаралықтар 3:0 есебімен айқын жеңіске жетті.
19-минутта «Крылья» қорғаушысы Никита Чернов айып соққысынан кейін есеп ашты. 75-минутта тағы бір орталық қорғаушы Доминик Ороз стандарттан кейін баспен соғып, команданың басымдығын еселеді. 90+2-минутта айып добының ойнатылуынан соң шабуылшы Владислав Шитов соңғы нүктені қойды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының вингері Ислам Чесноков самаралық ұжым сапында алғаш рет негізгі құрамда алаңға шықты. Ол 64-минутта алаңнан кетті, осы уақыт аралығында сары қағаз алып үлгерді.
«Крылья Советов» биылғы РПЛ маусымындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, турнир кестесінде 11-орынға көтерілді. Бес ойыннан кейін команданың еншісінде бес ұпай бар. «Акрон» екі ұпаймен соңғы орында қалды.
Еске сала кетейік, Чесноков «Крыльяға» қостанайлық «Тобылдан» жалға ауысты. Ресейлік клуб — Чесноковтың биылғы күнтізбелік жылдағы үшінші командасы. 2026 жылдың алғашқы бес айында қазақстандық футболшы «Хартс» сапында өнер көрсетіп, Шотландия чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын.