locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ахматтың» Самородов пен Кенжебекке қатысты шешімі белгілі болды РПЛ ойынына

Ғалыман кездесуді қосалқы құрамда бастайды, ал Максим өтінімге енбеді
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: «Ахмат»
Ресей Премьер-лигасы
22.08.2026, Аяқт.
Ахмат
4
Ростов
1

«Ахмат» бас бапкері Станислав Черчесовтың Самородов пен Ғалыман Кенжебекке қатысты 5-турдағы РПЛ-дағы «Ростовқа» қарсы матчқа шығарған шешімі белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстан құрамасының қос футболшысы грозныйлық команданың бастапқы құрамына енбеді. Бұл орайда, Кенжебек кездесуді қосалқы құрамда бастаса, Самородов мүлде матчтық өтінімге енгізілген жоқ.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының шабуылшысы жарақатына байланысты ойыны сұрақ астында болғаны хабарланған еді.

Ағымдағы маусымда Самородов РПЛ-де төрт ойын өткізіп, әзірге нәтижелі әрекетпен көзге түсе алған жоқ. Оның «Ахматпен» келісімшарты 2028 жылдың маусым айының соңына дейін жарамды. Бұған дейін шабуылшы Мәскеудің «Спартак» командасына ауысуы мүмкін деген қауесеттерге жауап берген болатын.

«Ахмат» пен «Ростов» арасындағы кездесудің басталу ысқырығы Астана уақытымен 20:00-де естіледі.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie