locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ірі жанжал: Ямал жасырын қызын жасырып жүр деп айыпталуда

«Барселона» жұлдызының екі жасар баласы бар делінеді
Ірі жанжал: Ямал жасырын қызын жасырып жүр деп айыпталуда
ФОТО: Getty Images

Еуропалық футбол қауымдастығында жас әрі дарынды футболшы Ламин Ямалдың жеке өміріне қатысты үлкен дау өрбіп жатыр, деп хабарлайды Sports24.kz.

The Touchmine басылымының «папараццидің королі» Фабрицио Коронаға сілтеме жасап таратқан деректеріне сүйенсек, «Барселона» мен Испания құрамасының жұлдызына қатысты аты шулы қауесеттер тарады — бұл әңгімелер жас ойыншының алаңнан тыс беделіне елеулі әсер етуі мүмкін.

Ақпараттарға қарағанда, Ямалдың италиялық модель Лаура Кортиден жасырын қызы бар екені айтылған. Коронаның сөзіне сүйенсек, екеуі алғаш рет Дубайда танысып, өзара жасырын кездесулерін кейін Барселонада да жалғастырған.

Бүгінде баланың жасы шамамен екіде. Дереккөздің айтуынша, футболшы қызын бар екенін білген бойда Лаурамен тікелей байланысуға тырысқан, алайда оның менеджері қандай да бір қарым-қатынас орнатуға тосқауыл қойған.

Қоғамдық резонанс пен сот дауларынан қашу үшін екі тараптың да құпия қаржылық келісімдер жасасқаны, бұл оқиғаны осы уақытқа дейін сәтті жасырғаны айтылуда.

Айта кетейік, бұған дейін Луис Де ла Фуэнте Ямал Сауд Арабиясына қарсы ойнай ма деген сұраққа жауап берген болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie