locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Саболенко жартылай финалда ауыр соққы алды: әлемнің бірінші ракеткасы Берлинде ойсырай ұтылды

Белорус спортшысы екінші сетте Пегуладан басым түсті, бірақ шешуші партияда бірде-бір гейм ала алмады
Саболенко жартылай финалда ауыр соққы алды: әлемнің бірінші ракеткасы Берлинде ойсырай ұтылды
ФОТО: Getty Images

Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Саболенко WTA 500 Берлин турнирінде күтпеген жерден жарысты аяқтады, финалға шыға алмады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жартылай финалда белорус теннисшісі әлемнің төртінші ракеткасы, америкалық Джессика Пегуламен кездесті. Бірінші сет АҚШ өкілінің пайдасына аяқталды — 6:4.

Екінші партияда қарсыластар қиян-кескі тартыс көрсетті. Есеп 6:6 болғанда матч жаңбырдың салдарынан тоқтатылды, ал қайта жалғасқаннан кейін теннисшілер тай-брейкте сетті аяқтады. Бұл кезеңде Саболенко басым түсіп, партиялар есебін теңестірді — 7:6.

Алайда шешуші сетте айқас болмады. Пегула ойынды толық бақылауға алып, әлемнің бірінші ракеткасына еш мүмкіндік бермеді — 6:0 есебімен партияны өз пайдасына аяқтады. Нәтижесінде америкалық спортшы матчта жеңіске жетіп, Берлиндегі турнирдің финалына өтті — 6:4, 6:7, 6:0.

Айта кетейік, бұған дейін жарыстан Елена Рыбакина да шығып қалды. Қазақстандық теннисші 1/8 финалда Филиппин өкілі Александра Эалеге 5:7, 4:6 есебімен есе жіберді.

Берлиндегі турнирдің жалпы жүлде қоры 1 206 446 долларды құрайды. Жарыс жеңімпазы 185 000 доллар мен 500 рейтингтік ұпайға ие болады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie