«Жеңіс» пен «Ертіс» мықтыны анықтай алмады
Астаналық «Жеңіс» Қазақстан Премьер-лигасының 14-турындағы матчта павлодарлық «Ертісті» қабылдады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Алғашқы таймда қос команда да аса белсенділік танытпай, қарсыластың қақпасына айтарлықтай қауіп төндіре алмады. Сондықтан бірінші бөлікте гол көрмегеніміз әділетті нәтиже еді.
Екінші 45 минутта да ойын сипаты көп өзгермеді: қауіпті сәттер мен голдық мүмкіндіктер өте аз болды. Матчтың басты оқиғасы алаң иелерінің қорғаушысы Зураб Тевзадзенің өрескел ойын үшін тікелей қызыл қағаз алуы болды.
Нәтижесінде, бұл сылбыр матч нөлдік теңдікпен аяқталды. Осы нәтижеден кейін «Жеңіс» 17 ұпайға ие болып, ҚПЛ кестесінде сегізінші орында қалды. Ал «Ертіс» 10 ұпаймен 14-орында, өмір сүру үшін күресін жалғастыруда.
Айта кетейік, бүгінгі ҚПЛ-дың басқа кездесуінде «Жетісу» мен «Алтай» нағыз голға бай триллер көрсетті.
ҚПЛ, 14-тур
«Жеңіс» – «Ертіс» 0:0
Қызыл қағаз: Тевзадзе, 65 («Жеңіс»)