locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Айбек Оралбай ауыр жекпе-жектен кейін бокс бойынша Әлем кубогының финалына шықты

Қазақстандық боксшы Гуйяньда өткен Әлем кубогының жартылай финалында тамаша өнер көрсетті
ФОТО: tengrisport.kz

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Қытайдың Гуйянь қаласында өткен бокс бойынша Әлем кубогының жартылай финалында тамаша өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Турнирдің жартылай финалында 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Айбек Оралбай Бразилия өкілі Жоэл Рамоспен қолғап түйістірді. Бұл тартысты кездесуде қазақстандық боксшы төрешілердің бөлек шешімімен — 3:2 есебімен жеңіске жетті. Үшінші раундта Рамос рефери есебімен нокдаунда болды.

Жартылай финалға дейін Айбек төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен америкалық Нажа Райтты ұтты және британдық Мэттью Уильямсты жеңді.

Турнирдің «алтын» жүлдесі үшін қазақстандық боксшы Германиялық Никита Путилов пен өзбекстандық Арман Маханов арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.

Бұған дейін Санжар Тәшкенбай мен Абылайхан Жүсіпов сенімді түрде Әлем кубогының финалына шыққан болатын.

ФОТО: tengrisport.kz
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie