locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бес мүмкіндік – бес алтын. Қазақстанның бокстан Әлем кубогындағы финал кестесі белгілі болды

Қазақстандық былғары қолғап шеберлері Қытайдағы World Boxing турнирінде бес алтын медаль үшін күш сынасады
Бес мүмкіндік – бес алтын. Қазақстанның бокстан Әлем кубогындағы финал кестесі белгілі болды
ФОТО: НОК РК

Қазақстан құрамасы Гуиянда (Қытай) өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогында сәтті өнер көрсетіп, бірден бес финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Шешуші жекпе-жектерге ерлер командасынан үш боксшы — Санжар Тәшкенбай, Абылайхан Жүсіпов және Айбек Оралбай, сондай-ақ әйелдер құрамасынан екі спортшы — Назым Қызайбай мен Виктория Графеева шықты.

Финалдық айқастар жексенбі, 21 маусымда өтеді. Қазақстандық боксшылар қатысатын жекпе-жектердің кестесі төмендегідей:

  • 09:15. Әйелдер, 54 кг дейін: Назым Қызайбай — Сирин Шаараби (Италия);
  • 09:30. Әйелдер, 60 кг дейін: Виктория Графеева — Линь Юйтин (Тайвань);
  • 10:15. Ерлер, 70 кг дейін: Абылайхан Жүсіпов — Дипак (Үндістан);
  • 15:30. Ерлер, 50 кг дейін: Санжар Тәшкенбай — Асилбек Жалилов (Өзбекстан);
  • 16:45. Ерлер, 90 кг жоғары: Айбек Оралбай — Никита Путилов (Германия).

Айта кетейік, бастапқыда Қазақстан құрамасы Гуияндағы Әлем кубогына 17 спортшы — тоғыз ер және сегіз әйел қатысты. Енді бірден бес спортшы беделді халықаралық турнирдің алтын медалі үшін айқасуға мүмкіндік алды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie