Қиын болады: «Андерлехт» пен «Қайрат» матчты толық трибуналар алдында өткізеді
«Андерлехт» Еуропа лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңіндегі «Қайратқа» қарсы қарымта матчтың барлық билеттері сатылғанын хабарлады, деп жазады Sports24.kz.
Брюссельдік клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, сатылымда тек VIP санатындағы билеттер қалған. Оларды 45, 55 және 65 еуроға (24, 30 және 35 мың теңге) сатып алуға болады. Барлығы қанша билет сатылымға шығарылғаны белгісіз, алайда «Лотто Парк» стадионының сыйымдылығы 21 500 жанкүйерді құрайды.
Осы санның ішінен мыңнан сәл астам билет «Қайрат» жанкүйерлеріне бөлінген. Алайда алматылық клубқа бөлінген квотаның сатылып кеткені және оның қанша жанкүйері Брюссельдегі трибуналарда болатыны туралы да ақпарат жоқ.
- Сондай-ақ оқыңыз: «Андерлехт» бапкері «Қайратқа» қарсы матчта құрамды ротациялау мүмкіндігін бағалады
Еске салайық, командалар арасындағы 20 тамызда Алматыда өткен алғашқы матч «Андерлехттің» 3:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Бұл кездесуге «Қайрат» стадионның 24 мыңға жетпейтін сыйымдылығына қарамастан, 17,5 мыңнан сәл астам билетті өткізе алды.
Бельгиялықтардың көрсеткіші Еуропа лигасы іріктеуінің үшінші кезеңіндегі грек ПАОК-қа қарсы матчта сәл жоғары болды: ол кездесуге шамамен 18 мың жанкүйер жиналды.