locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Андерлехт» – «Қайрат» матчының бірінші таймы аяқталды

Қазақстандық команда үзіліске шығар алдында гол жіберіп алды
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: Кайрат
Еуропа Лигасы
27.08.2026, Аяқт.
Андерлехт
3
Кайрат
0

УЕФА Еуропа лигасының плей-офф кезеңі аясындағы «Андерлехт» – «Қайрат» арасындағы жауапты матчтың бірінші таймы аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.

Қазақстан чемпионы Брюссельдегі кездесуді мына құраммен бастады: Шерхан Қалмырза – Луиш Мата (К), Құрғын, Байбек, Қасабулат, Тапалов – Оксанен, Садықбеков, Юккола – Бекболат, Гуаль.

Алматыдан келген қонақтарға сырт алаңдағы ірі жеңілістен кейін есеп ашу өте маңызды еді. Жалпы, алаңда тең ойын өрбіді, командалардың ешқайсысы айқын басымдыққа ие болмады. Қонақтар қақпаға алты соққы жасаса, алаң иелерінің еншісінде төрт соққы бар.

Алайда үзіліске шығар алдында Олжас Байбек өз командасының айып алаңында қолмен ойнап, алаң иелеріне пенальти тебу құқығы берілді. Он бір метрлік айып добын Михайло Цветкович сәтті орындап, есепті 1:0-ге жеткізді.

Осылайша, қазақстандық команданың камбэк жасау мүмкіндігі азайып барады. Фантастикалық сценарийді жүзеге асыру үшін, яғни төрт гол соғу үшін, Рафаэль Уразбахтин шәкірттерінің небәрі 45 минуты қалды.

Еске салайық, Алматының Орталық стадионында өткен алғашқы кездесу қонақтардың 3:0 есебіндегі сенімді жеңісімен аяқталған болатын. Жұп жеңімпазы Еуропа лигасының негізгі кезеңінде ойнаса, жеңілген команда Конференциялар лигасының дәл осы кезеңіне түседі.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie