«Андерлехт» пен «Қайраттың» жауапты матчына арналған құрамдар белгілі болды
УЕФА Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі «Қайрат» пен брюссельдік «Андерлехт» арасындағы жауапты матчқа командалардың негізгі құрамдары белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Бельгиядағы кездесудің алғашқы ысқырығы Астана уақытымен 23:30-да естіледі. Рафаэль Уразбахтин ойынға шығатын құрамын таңдады.
Айта кетейік, қақпаны алғашқы минуттардан жас голкипер Шархан Қалмырза қорғайды.
Командалардың негізгі құрамы:
«Андерлехт»: Колин Коосеманс (Қ) – Людвиг Аугустинссон, Жюльян Бьянкон, Лео Петро, Али Маамар Энрик Ллансана, Марко Кана, Лукас Амброс – Михайло Цветкович, Джошуа Нга-Кана, Даниил Сикан;
«Қайрат»: Шерхан Қалмырза (Қ) – Луиш Мата (К), Лев Курган, Олжас Байбек, Дамир Қасабулат, Еркін Тапалов – Яакко Оксанен, Әділет Садықбеков, Ойва Юккола – Исмаил Бекболат, Марк Гуаль;

Алматыдағы Орталық стадионда өткен алғашқы матч қонақтардың 3:0 есебіндегі сенімді жеңісімен аяқталған болатын. Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңімпаз Еуропа лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетеді, ал жеңілген команда Конференциялар лигасының негізгі кезеңіне жол тартады.