Хорватия - Испания: Ұлттар лигасының матчын онлайн көру
6 қазанда Хорватия құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының А дивизионындағы төртінші тур аясында Испанияны қабылдайды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Сплит қаласындағы «Полюд» стадионында өтетін матчтың басталуы Астана уақытымен 23:45-ке жоспарланған. Кездесуді тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Ұлттар лигасының бүгінгі матчына болжамды құрамдар:
Хорватия: Ливакович; Станишич, Вушкович, Шутало, Гвардиол; Модрич, Ковачич, Сучич; Пашалич, Перишич, Белё.
Испания: Симон; Пубиль, Кубарси, Лапорт, Кукурелья; Родри, Мерино, Педри; Ямаль, Баэна, Оярсабаль.
АҚШ-та өткен әлем чемпионатындағы жеңістен кейін испандар Ұлттар лигасында да жеңісті жолын жалғастырды. Үш турда Англияны (3:2), Хорватияны (4:1) және Чехияны (3:1) жеңді.
Ал хорваттар турнирді чехтарға қарсы жеңіспен (2:1) бастап, кейін испандардан жеңіліп қалды. Үшінші турда Англия құрамасына ірі есеппен (0:7) жол берді.
Ұлттар лигасы А3 тобының турнирлік кестесі:
- Испания – 9 ұпай;
- Англия – 6 ұпай;
- Хорватия – 3 ұпай;
- Чехия – 0 ұпай.
Сондай-ақ бүгін Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы да матч өткізеді. Фарер аралдарына қарсы кездесуді қайда және қашан көруге болатынын біліңіз.