ВИДЕО: Норвегия мен Португалия керемет голдармен алмасты
Норвегия мен Португалия Ұлттар лигасының төртінші турындағы матчтың алғашқы таймында нағыз гол мерекесін ұйымдастырды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Командалар небәрі екі минут ішінде әсерлі голдармен алмасты. Бірінші таймнан кейін есеп 1:1 болды.
Норвегия құрамасының қорғаушысы Кристоффер Айер 36-минутта есеп ашты. Футболшы соққы жасауға мүмкіндік тауып, допты қақпа торына дарытқан керемет соққы жасады. Голдың әсерлі болғаны соншалық, ол қазіргі халықаралық үзілістегі ең үздік голдардың біріне үміткер бола алады.
Алайда Португалия бірден жауап қайтарды. Арада небәрі екі минут өткенде Жоау Канселу керемет соққысымен есепті теңестірді. Қорғаушы қуатты соққы жасап, Норвегия қақпашысына еш мүмкіндік қалдырмады.
Айта кетейік, бұған дейін Португалия құрамасындағы жанжалдан кейін Криштиану Роналду халықаралық мансабын аяқтай ма деген ақпарат тараған болатын.