locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Джокович - де Минаур ATP-500 финалында: қайда және қашан көруге болады

Сербиялық теннисші Пекиндегі турнирдің жүлдесі үшін австралиялық спортшымен кездеседі
Джокович - де Минаур ATP-500 финалында: қайда және қашан көруге болады
ФОТО: x.com/Money_On_Tennis

6 қазанда Новак Джокович Қытайда өтіп жатқан ATP-500 турнирінің финалында Алекс де Минаурмен ойнайды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Матч Пекиндегі Ұлттық теннис орталығының орталық кортында өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 16:15-те басталды.

Тікелей эфирді осы жерден көруге болады.

Финалға дейінгі жол

Джокович Даниил Медведевпен өткен жартылай финалдық кездесудің мерзімінен бұрын аяқталуынан кейін финалға жолдама алды. Сербиялық теннисші 7:5, 5:3 есебімен алда келе жатқанда, ресейлік спортшы допты көрерменге тигізгені үшін жарыстан шеттетілді.

Ал де Минаур жартылай финалда Хуберт Хуркачты жеңді. Польша өкілі австралиялық 6:4, 3:2 есебімен алда келе жатқан кезде кездесуді жалғастыра алмады.

Джокович үшін алдағы финал мансабындағы 102-ші ATP титулын жеңіп алу мүмкіндігі болмақ. Сербиялық теннисші Пекиндегі турнирде бұған дейін бірде-бір рет жеңілмеген – оның еншісінде 33 жеңіс бар.

Ақшасыз және ұпайсыз: Пекиндегі дисквалификациядан кейін Медведевті не күтіп тұр

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie