locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бәрін таңғалдырғымыз келеді»: «Барыста» ҚХЛ плей-оффына шығу мақсатын атады

«Барыс» 14 ұпаймен Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде төртінші орында келеді
ФОТО: ХК "Барыс"

«Барыс» шабуылшысы Семён Симонов қазақстандық команда ҚХЛ плей-оффына шығуға басымдық беріп отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sports24.kz «Матч ТВ»-ға сілтеме жасап.

Симонов қазіргі уақытта ойыншылардың Гагарин кубогы ойындарында не болатыны туралы ойланбайтынын атап өтті.

«Барыс» 14 ұпаймен Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде төртінші орында келеді. Команда 47 шайба соққан — бұл лигадағы үздік көрсеткіш. 21 жастағы Симонов 12 матчта 11 ұпай (алты шайба және бес нәтижелі пас) жинады.

- Сіз іс жүзінде әр ойынға бір ұпайдан жинау қарқынымен келе жатырсыз. Бұл ретте бас бапкер Михаил Кравец сіздің алғырлығыңыз бен хоккейге деген сүйіспеншілігіңізді атап өтті. Мұндай сөздерді есту жағымды ма?

- Саған сенім артылған кезде ойнау өте жағымды. Ойын уақыты мен көпшілік құрамда да мүмкіндік беріп жүрген жаттықтырушылар штабына үлкен рақмет. Осы сенімді ақтағым келеді, кейін баспасөз мәслихаттарында мен туралы тек оң сұрақтар қойылса екен деймін, «Оны не үшін алаңға шығарасыз?» деп сұрамағанын қалаймын.

- «Барыстың» маусымдағы мақсаты — плей-оффқа шығу. Алайда команда жоспардан едәуір озып келеді. «Қара тұлпарға» айналып, жұртшылықты таңғалдыра алатындарыңызды түсінесіздер ме?

- Әрине, бәрін таңғалдырғымыз келеді. Бірақ скептиктердің біз туралы қателескенін даурығып жариялағымыз келмейді. Маусым ұзақ, әзірге бір ай ғана өтті. Мақсатымызға — плей-оффқа шығуға — асықпай, бірақ нық қадаммен жеткіміз келеді. Ол жерге өткенде не болатынын қазір ойлап отырған жоқпыз. Біз туралы айтылған жағымсыз пікірлерді жоққа шығарғымыз келеді, — деді Симонов.

«Барыс» келесі матчында сенбі күні омбылық «Авангардты» қабылдайды.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie