locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Фоторепортаж: Сатпаевтің «Челси» сапында АПЛ клубына қарсы ойыны

Қазақстан құрамасының вингері «Тоттенхэмге» қарсы алаңда 20 минуттан астам өнер көрсетті
ФОТО: Getty Images

Қазақстан құрамасының вингері Дастан Сатпаев «Тоттенхэмге» қарсы жолдастық матчта алаңда 20 минуттан сәл артық уақыт өткізді (1:2), деп хабарлайды Sports24.kz.

17 жастағы қазақстандық вундеркинд «ақсүйектердің» негізгі құрамына енбеді, ол алаңға 70-минутта шығып, лондондықтардың сапында бразилиялық Эстеваоны алмастырды.

Дастан алаңда 20 минуттан аса уақыт өткізіп, есте қаларлықтай белсенділік таныта алмады. Livescore порталы Сатпаевтың ойынын орташа 6.3 баллмен бағалады.

Айта кетейік, бұл Дастанның австралиялық маусым алдындағы турне аясында лондондықтардың негізгі құрамында екінші матчы болды. 28 шілдеде Хаби Алонсо шәкірттері «Вестерн Сидней Уондерерсқа» қарсы ойын өткізген.

Ол кездесу «көктердің» 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды. Сол матчта Сатпаев ағылшын Премьер-лигасының алыбы сапында алғашқы голын соқты.

Назарларыңызға бүгінгі «Тоттенхэмге» қарсы матчтағы Дастанның ойынынан фоторепортаж ұсынамыз.

ФОТО: Getty Images
ФОТО: Getty Images
ФОТО: Getty Images
ФОТО: Getty Images
ФОТО: Getty Images
ФОТО: Getty Images
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie