locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ФИФА және әлем чемпионаттарының құқықтарын сату: Инфантино бәсін арттырды

Бұған дейін ұйым басшысы әр елге 20 млн доллар ұсынғаны хабарланған
ФОТО: Getty Images

ФИФА президенті Джанни Инфантино ұйымға мүше елдерге 40 миллион доллар көлемінде қаржылай қолдау ұсынды, деп хабарлайды Sports24.kz.

The Times басылымының мәліметінше, бұл қомақты сома ұйымға мүше барлық елдерге ұсынылып отыр, бірақ ол үшін әлем чемпионаты құқықтарының бір бөлігін сыртқы инвесторларға сату туралы келісімді мақұлдау қажет.

Яғни, турнир құқықтарының бір бөлігін сатудан түскен табысты бөлісу қарастырылған. Ұсынысты қабылдауға 53 күн уақыт берілген.

Өз хатында Инфантино түпкі шешім ассоциациялар тарапынан қабылданатынын ерекше атап өтті. Егер жоспар мақұлданса, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10 миллиард долларлық қаржыландыру пакеті қолжетімді болады – бұл ынтымақтастықтың жаңа кезеңінің басталуын білдіреді. Ал, егер ассоциациялар ұсыныстан бас тартса, ФИФА бұған дейін жарияланған қаржыландыру бағдарламасының шарттарын сақтап, оның аясын 2,7 миллиард долларға арттырады.

Сыртқы инвесторларды тартуға қарсы кейбір дереккөздер бұл ұсынысты ашық пара беру деп бағалайды. Әсіресе, УЕФА мұндай шешімдерге қатаң қарсы.

Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie