locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ордабасы» жаңа стадионы қандай болатынын Әлібеков айтып берді

Жаңа аренаның ашылуы үш жылдан кейін күтіледі
Эксклюзивтер
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: digitalbusiness.kz

Қазақстандық белгілі кәсіпкер әрі блогер, қазіргі таңда «Ордабасы» клубының амбассадоры Бейбіт Әлібеков Sports24.kz порталына эксклюзивті пікір білдіріп, шымкенттік клуб инфрақұрылымын алдағы жылдары дамыту жоспарын бөлісті.

«Бізде нақты жоспар бар: жаңа стадион салған соң, үш жылда Шымкентте бой көтеретін аренаға сауда орталығы, қонақүй, түрлі концерттер мен іс-шаралар ұйымдастырамыз. Бұл Орталық Азиядағы ең ірі стадион болады, біз оны барынша тиімді пайдаланамыз деп үміттенеміз», – деп бөлісті Әлібеков.

Сондай-ақ ол «Ордабасы» дамуына қанша жеке қаражатын салғаны жайлы сауалға жауап берді.

«Қанша өз ақшамды салдым – есептеген жоқпын. «Ордабасы» клубының жалпы бюджеті қанша болуы керек екенін шамамен білеміз, бірақ бұл барлық көздерден түсетін қаржы. Негізгі шығындарды біздің демеушілер көтереді. Менің ақшам шешуші рөл атқармайды. Бізге көптеген демеушілер келіп жатыр – жуырда SCAT компаниясымен келісімге қол қойдық. Бұған дейін «Еуразия» сақтандыру компаниясымен миллиардтаған келісімге келдік», – деді Әлібеков.

Шымкенттік клуб басшыларының бірі «Ордабасының» болашақтағы бюджеті қандай болғанын қалайтындарын да атап өтті.

«Біз жалпы клуб бюджеті – 10 миллиард (теңге) болғанын қалаймыз. Бұл – толық бюджет», – деді Әлібеков.

Айта кетейік, маусым айында «Ордабасы» футбол клубы ресми түрде жекеменшікке өтті. Электронды сауда барысында бұрын Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының балансына тиесілі болған клубтың 100 пайыз мемлекеттік акциялар пакеті сатылды. Клубтың жаңа иесі – бенефициарлы компанияның иесі кәсіпкер Шахмурат Мұтәліп.

Ақпан айында Шымкент әкімдігі мен Мұтәліпке тиесілі Integra Construction KZ компаниясы футбол клубын жекешелендіру туралы меморандумға қол қойды. Жекешелендіру рәсімі аяқталғанға дейін клуб бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылды. 2026 жылдың қаңтарында мемлекеттік сатып алулар арқылы осы мақсатқа 1,8 млрд теңге бөлінген болатын.

Бағдат Асылбек
Бағдат Асылбек
Репортер
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie