«Қайрат» пен «Омония» Чемпиондар лигасының қарымта матчына құрамдарын жариялады
«Қайрат» пен «Омония» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтетін команданы қарымта кездесуде анықтайды. Бұл матчқа арналған құрамдар белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Алматылықтардың сапында бірқатар өзгерістер бар, олардың ішінде ерекше атап өтерлігі – Лев Кургин алғаш рет негізгі құрамда алаңға шығып отыр. Ол бұған дейін «Сутьескамен» өткен ойындарда да, «Омонияға» қарсы алғашқы матчта да стартта болмаған еді.
Қазақстан мен Кипр чемпиондарының бастапқы он бірдігі төмендегідей:
- «Қайрат»: Анарбеков, Мрынский, Мартынович, Лукас Африко, Мата, Оксанен, Мендонса, Юккола, Кассабулат, Кургин, Гуаль
- «Омония»: Фабиано, Балковец, Панагиоту, Кулибали, Шимич, Танкович, Марич, Андреу, Маямбела, Какули, Эвандро.
Орталық стадионда өтетін кездесуде алғашқы ысқырық 29 шілде күні Астана уақытымен 20:00-де шалынады. Сондай-ақ, матчтың тікелей трансляциясын қайдан көруге болатыны туралы ақпарат та белгілі.
Еске салайық, Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде бұл жұптың жеңімпазы «Левски» мен «Университатя Крайова» арасындағы үздікпен кездеседі. Ал жеңіліп қалған команда Еуропа лигасының осы кезеңінде «Мелльбю» мен «Линкольн Рэд Импс» арасындағы жеңілген ұжыммен ойнайды.
«Қайрат» пен «Омония» арасындағы алғашқы матч Кипрде өтіп, алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.
