Перес «Реалға» Родриды сатып алуға рұқсат берді
Мадридтік «Реал» Испания құрамасы мен «Манчестер Сити» клубының жартылай қорғаушысы Родриды өз қатарына қосу бойынша келіссөздерді бастады, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Патшалық клуб» тәжірибелі хавбек үшін 50 млн еуро ұсынуға әзір.
Бұл туралы беделді инсайдер Фабрицио Романо әлеуметтік желі X-та мәлімдеді.
Дереккөз мәліметінше, «Реал» президенті Флорентино Перес бұл трансферге рұқсат берді.
Өткен маусым қорытындысы бойынша «Реал» бірде-бір трофейге қол жеткізе алмады. Команда Ла Лигада екінші орынға табан тіреді, Испания Кубогының 1/8 финалына және Чемпиондар лигасының ширек финалына дейін жетті. Ел Суперкубогында ұжым күміс жүлдегер атанды.
Өткен маусымда Родри клуб сапында барлық турнирде 33 матчқа қатысты, екі голмен көзге түсті, сондай-ақ 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатын ұтып, турнирдің үздік ойыншысы атанды.
Transfermarkt порталының дерегінше, футболшының нарықтық құны 55 млн еуроны құрайды.