Тарихи жеңіс: Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатының финалында Украинаны тізе бүктірді
Қазақстанның ерлер құрамасы алғаш рет семсерлесуден әлем чемпионатының финалында жеңіске жетіп, Sports24.kz хабарлайды.
Жекпе-жек басынан-ақ шиеленісті әрі сақ өтті, қарсыластар ұпай айырмасын тым ұзатпай, иық тіресе алға ұмтылды. Қазақстан аздаған басымдықпен алда келе жатты. Украиналықтар болса, шешуші белдесулерге таяу екі уколға дейін айырмашылықты қысқартты.
Ақтық шайқас алдында Қазақстан бес укол алда тұрды, ал жолға 19 жастағы Кирилл Проходов шықты. Ол сенімді ақтады және кездесуді жеңіспен аяқтай білді — матчтың қорытынды есебі 40:45 болды.
Айта кетерлігі, ұлттық құраманың бас бапкері – украиналық маман Александр Горбачук.
Бұған дейін команда әлем чемпионатында ең үздік нәтижеге 2025 жылы қол жеткізген қола медальмен тоқтаған еді.
Айта кетейік, командалық жарыста ел намысын Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай және Кирилл Проходов қорғады.