locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Here we go: Хендерсон Сатпаевтің командаласы атанды

Келісім толықтай мақұлданды — трансфер тегін жүзеге асты
ФОТО: Getty Images

«Брентфордтың» 36 жастағы жартылай қорғаушысы Джордан Хендерсон «Челсиге» ауысты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Хавбектің «Челсимен» келісімшарты екі жылға есептелген. Бұл туралы беделді журналист Фабрицио Романо әлеуметтік желілерде мәлімдеді.

Хендерсон өткен маусымда «Брентфорд» сапында 34 ойын өткізіп, бір гол мен үш нәтижелі пас берді.

Джордан Хендерсон – «Сандерленд» мектебінің түлегі. Ересектер деңгейінде жартылай қорғаушы 2011-2023 жылдар аралығында «Ливерпуль» құрамында өнер көрсетіп, командамен бірқатар трофейлерге қол жеткізді. Сондай-ақ, оның мансабында «Ковентри Сити», «Аль-Иттифақ» және «Аякс» клубтары бар.

Бұған дейін «Челси» мен «Вестерн Сидней Уорендерс» арасындағы матчта «көктер» 6:4 есебімен жеңіске жетті. Алғашқы голдың авторы – 63 минут бойы алаңда өнер көрсеткен Дастан Сатпаев.

Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie