«Елімай» турнирлік кестедегі көршісі «Тобылдан» басым түсті
«Елімай» Қазақстан Премьер-лигасының 27-туры аясындағы матчта қостанайлық «Тобылдың» қонағы болып, сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.
Семейлік команда бірінші таймда қарсыласының қақпасына жауапсыз екі гол соқты. Фессу Плакка 16-минутта пенальтиді сәтті орындап, есеп ашты. Ал қонақтардың басымдығын Айбар Жақсылықов еселеді. Бұл матчта бұдан әрі гол соғылған жоқ, ал семейліктер кездесуді сенімді түрде жеңіспен аяқтады.
- Сондай-ақ оқыңыз: «Елімай» стадионы қазіргі еурокубок маусымындағы матчтарға көрермен толу көрсеткіші бойынша үздік 15 арена қатарына енді
Өзара кездесуден кейін турнирлік кестедегі көршілер өз орындарында қалды, алайда семейліктер «Тобылдан» арадағы алшақтығын төрт ұпайға дейін ұлғайтты (38 қарсы 34).
ҚПЛ-дің келесі турында «Елімай» 10 қазанда «Ақтөбені» қабылдайды. Қостанайлық команда сол күні елордалық «Астанамен» өз алаңында ойнайды.
ҚПЛ. 27-тур
«Тобыл» – «Елімай» 0:2
Голдар: Плакка, 16, пенальтиден, Жақсылықов, 40