locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» жұлдызы ҚХЛ-дағы «Ладаны» ойсырата жеңген матчтың қорытындысын шығарды

Джастин Бэйли Тольяттидегі матчтың басты қаһарманы атанды
ФОТО: kursiv.media

«Барыс» шабуылшысы Джастин Бэйли ҚХЛ аясында «Ладаға» қарсы өткен матчтың басты қаһармандарының біріне айналып, Тольятти командасының қақпасына екі шайба соқты.

Астаналық команданың жұлдызды шабуылшысы ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында Тольяттиде өткен матчтың қорытындысын шығарды. Бұл кездесуде астаналықтар 6:0 есебімен ойсырата жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Біз алғашқы екі үй матчында ойнағанымыздай әрекет етуіміз керек болды. «Амурға» қарсы кездесуде де жаман көрінген жоқпыз, қарсылас қақпасына көп соққы жасадық. Жалпы, өз хоккейімізді көрсетіп, жасаған мүмкіндіктерімізді пайдалануымыз қажет еді.

Қарсыластың бірінші кезеңді өте белсенді өткізетінін білдік. Сондықтан басында сәл шыдауға тура келді. Бірақ кейін өте жақсы шабуылдар ұйымдастырдық. Меніңше, кезеңді кем дегенде 2:0 есебімен аяқтауымыз керек еді. Нәтижесінде басында соға алмаған голдарымыз екінші және үшінші кезеңдерге ауысты.

Менің екі шайбам туралы айтсам? Бірінші эпизодта аймаққа кірген сәтте қатты соққы жасадым. Бос мұзға шығып, қақпашымен жақындасуды жөн көрмедім. Екінші голда жылдамдықпен өтіп кеттім, қақпашының қозғалып жатқанын көріп, дәлдікпен оның аяғының арасынан лақтырдым», - деп Бэйлидің сөзін келтіреді SPORT+.

Еске салайық, Астана командасы сырт алаңда «Ладаны» 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Дәл соққыларын Масси, Бэйли (дубль), Симонов, Маккошен және Томпсон тіркелген.

Тольяттидегі ойсырата жеңістен кейін Михаил Кравецтің командасы алты ұпай жинап, ҚХЛ тұрақты маусымындағы Шығыс конференциясының турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie