locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ҚПЛ клубының стадионы еуропалық рейтингтің топ-15 тізіміне кірді

Семейде еурокубоктағы жалғыз матчқа жанкүйерлер жаппай жиналды
ҚПЛ клубының стадионы еуропалық рейтингтің топ-15 тізіміне кірді
ФОТО: КФФ

«Елімай» стадионы еурокубоктардың биылғы маусымындағы матчтарға жанкүйерлердің толу пайызы бойынша ареналардың топ-15 тізіміне кірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Семейде өткен жалғыз еурокубок матчына, яғни Конференциялар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі «Алашкертке» қарсы кездесуге 7900 жанкүйер келді. Бұл стадионның 90,8%-ға толғанын білдіреді.

Бұл көрсеткіш бойынша «Елімай» 2026/2027 маусымындағы барлық еурокубоктардың іріктеу кезеңі қорытындысында ареналар арасында 15-орынға жайғасты. «Қайрат» — төрт матчтағы орташа 74% толымдылық көрсеткішімен 47-орында, «Тобыл» — литвалық «Паневежис» пен сербиялық «Партизанға» қарсы екі матчтағы 63,0% көрсеткішімен 70-орында, ал «Астана» албаниялық «Динамо Ситиге» қарсы бір матчтың қорытындысы бойынша екінші жүздіктен орын алды — 102-орын (50,5%).

Еске салайық, «Қайраттың» көрсеткіші әлі де өзгеруі мүмкін, себебі алматылық клуб — еурокубоктардың негізгі кезеңінде Қазақстан футболының жалғыз өкілі.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie