locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Елімай» мен «Астана» қатысатын ауыстырылған ҚПЛ матчтарының қашан өтетіні белгілі болды

Командалар 14 қазан күні еурокубоктық қарыздарын өтейді
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
«Елімай» мен «Астана» қатысатын ауыстырылған ҚПЛ матчтарының қашан өтетіні белгілі болды
ФОТО: КФФ

Қазақстан футбол федерациясы «Ертіс» — «Астана» және «Атырау» — «Елімай» ауыстырылған матчтарының өтетін күнін және уақытын белгіледі, деп хабарлайды Sports24.kz.

Екі кездесу де қонақ командалардың еурокубоктарға қатысуына байланысты кейінге шегерілген еді. Күнтізбе бойынша 18 және 14-турларға сәйкес келген бұл ойындар бір күнде — 14 қазанда өтеді. КПЛ сайтының мәліметінше, Павлодардағы ойын сағат 16:00-де басталса, «мұнайшылар» мен семейліктердің дуэлі 18:00-де өтеді.

25 тамызда өз қарыздарын «Тобыл» мен «Қайсар» өтейді — олар 21-тур аясында кездеседі. Бұл матч та қостанайлықтардың еурокубоктарға қатысуына байланысты кейінге қалдырылған болатын.

Еске сала кетейік, 22 турдан кейін турнир кестесінде «Ордабасы» көш бастап тұр. Ол бір матч артық өткізгенімен, «Қайраттан» төрт ұпайға алда келеді. Ал «Ертіс» 21 ойында небәрі 19 ұпай жинап, кестенің соңында орналасқан.

Сондай-ақ, Курултай сайлауына байланысты ҚПЛ-дың бүтіндей 23-турының матчтары да ауыстырылды. Оның бағдарламасындағы ойындар маусымның аяқталуына екі апта қалғанда, яғни 17-18 қазан күндері өтеді. Бұрын оларды 22-23 тамызға жоспарлаған болатын.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie