locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Құрылтай сайлауына байланысты кейінге шегерілген матчтардың жаңа күндері белгілі болды

ҚПЛ Қазақстан чемпионатының күнтізбесіне өзгеріс енгізді
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Құрылтай сайлауына байланысты кейінге шегерілген матчтардың жаңа күндері белгілі болды
ФОТО: Қайрат ФК

Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусым күнтізбесіне ресми түрде өзгерістер енгізілді. Бірнеше турдың өткізу мерзімі ауысып, чемпионаттың соңғы ойындары қазан айының соңына жоспарланды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Негізгі өзгеріс 23-турдың кейінге шегерілген кездесулеріне қатысты. Бұл матчтар 17-18 қазанда өтеді. Одан кейін командалар маусымның шешуші бөлігіне көшеді.

29-тур ойындары 24-25 қазанға белгіленсе, чемпионаттың соңғы, 30-туры 31 қазанда өтеді. Осылайша, ҚПЛ-2026 маусымының қорытындысы қазан айының соңғы күнінде белгілі болады.

Қазақстан Кубогының финал өтетін күні әзірге нақтыланған жоқ. Шешуші матчта Шымкенттің «Ордабасы» мен Қызылорданың «Қайсары» кездеседі. Финалдың нақты күні кейінірек жарияланады.

Еске салайық, күнтізбенің өзгеруіне Құрылтай сайлауы себеп болды. ҚПЛ мәліметінше, Спорт министрлігінің өкіміне сәйкес 23 тамызға жоспарланған барлық спорттық іс-шаралар басқа күндерге ауыстырылуы тиіс болған.

Қазіргі таңда чемпиондық жарыста «Ордабасы» көш бастап келеді. Шымкенттік клуб екінші орында тұрған «Қайраттан» төрт ұпай алда, бірақ бір матч артық өткізген.

Осылайша, ҚПЛ-2026 чемпионы қазан айының соңында анықталады, ал маусымның соңғы туры 31 қазанда өтеді.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie