locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қайғылы оқиға: бұрынғы болашағы зор боксшы 33 жасында өмірден өтті

Печальді жаңалықты Причард Колонның әкесі растады
ФОТО: Getty Images

Пуэрто-Рикодан шыққан бұрынғы болашағы зор боксшы Причард Колон 33 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қайғылы жағдай туралы оның әкесі Ричард Колон әлеуметтік желіде хабарлап, көпжылдық қолдау мен дұғалары үшін жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

Колонның мансабы мен өмірі 2015 жылдың қазанында Террел Уильямспен жекпе-жектен соң күрт өзгерді. Айқас кезінде пуэрторикалық боксшы желкесіне бірнеше қауіпті соққы алып, жекпе-жек аяқталған соң киім ауыстыру бөлмесінде есінен танып қалды. Ауруханада дәрігерлер оған субдуралды гематома диагнозын қойып, шұғыл миға ота жасады. Кейін Колон 221 күн комада жатты.

Ол ақыры есін жиғанымен, ауыр ми жарақатынан толық айыға алмады. Соңғы күндеріне дейін Причард отбасының тұрақты қамқорлығында болып, негізгі дағдыларды қайта үйреніп, жақындарымен арнайы планшет арқылы тілдескен.

Айта кету керек, қайғылы жекпе-жекке дейін Причард Колон супержартылай орта салмақтағы ең болашағы зор боксшылардың бірі саналды, 2010 жылғы Панамерикалық жасөспірімдер чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, қатарынан 16 жекпе-жекте жеңіске жеткен еді.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie