locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дәуірдің соңы: аңызға айналған италиялық форвард 36 жасында мансабын аяқтады

Чиро Иммобиле «Париж ФК»-дан кеткен соң бутсыларын ілді
ФОТО: Getty Images

Аңызға айналған италиялық шабуылшы Чиро Иммобиле өзінің футболдық мансабын аяқтағанын жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Фабрицио Романоның айтуынша, 36 жастағы италиялық шабуылшы «Париж ФК»-дан кеткеннен кейін кәсіби футболдан кету туралы шешім қабылдады. Легендарлы форвардтың соңғы клубы – француздық команда, оған ол биыл ақпанда «Болоньядағы» қысқа мерзімді кезеңінен кейін қосылған еді.

Иммобиленің карьерасы тарихта қалады: 650 матчта 320 гол, Серия А-ның төрт «Алтын бутсы» иегері, 2020 жылғы Еуропаның «Алтын бутса» жүлдесі (маусымда 36 гол) және «Лацио» тарихындағы үздік сұрмерген атағы — лигада 169 гол. Оның мансабындағы шарықтау шегі Италия құрамасымен бірге Евро-2020-дағы жеңіс болды, бірақ кейін ұлттық құрама 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеле алмаған соң, Иммобиле құрама сапынан кетті.

Қызығы, «Лацио» өз аңызына футболдағы мансабын аяқтаған соң клубтағы жаттықтырушы қызметін ұсынды, бұл Чироның футболда қалуына мүмкіндік береді, тек жаңа рөлде.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie