locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ең төменгі міндет орындалды»: Уразбахтин «Қайраттың» еурокубоктардың күзгі кезеңіне шыққанына риза

Алайда «Қайрат» барынша жоғары мақсаттарды көздейді
ФОТО: ФК «Кайрат»
Чемпиондар Лигасы
29.07.2026, Аяқт.
Кайрат
1
Омония
0

«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин команданың Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне, сонымен қатар еурокубоктардың негізгі кезеңіне шыққанына пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Алматылық клубтың бапкері команданың ең төменгі міндетті орындағанына, яғни Конференциялар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алғанына қанағаттанатынын айтты. Дегенмен ұжым алдындағы ең жоғары мақсаттар өзгерген жоқ.

«Ең төменгі міндетті орындадық деуге болады. Еурокубоктардың күзгі кезеңіне жолдама алдық. Енді бұдан да жоғары нәтижеге ұмтылуымыз керек деп ойлаймын. Алдымызға қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындаймыз деп үміттенемін», — деді Уразбахтин баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, «Қайраттың» Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы румыниялық «Университатя» мен болгариялық «Левски» арасындағы матчтан кейін анықталады. Алғашқы кездесу 4 немесе 5 тамызда қарсылас алаңында өтсе, қарымта матч 11 тамызда «Қайраттың» алаңында өтеді. Алайда бұл ойын Алматының Орталық стадионында ұйымдастырылмауы мүмкін.

Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie