90 минут ештеңе шешпеді: «Қайрат» пен «Омония» ойынды овертаймға жеткізді
Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчында «Қайрат» негізгі уақытта «Омонияны» 1:0 есебімен жеңді, бірақ келесі кезеңге өтуге бұл жеткіліксіз болды, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Омония» сапында футболшы алаңнан қуылғаннан кейін Рафаэль Уразбахтин шәкірттері ойын тізгінін өз қолына алып, үшінші іріктеу кезеңіне шығуға қажетті голдарды соғуға көптеген мүмкіндік жасады.
Негізгі 90 минутта «Қайрат» Эдмилсонның шеберлігімен бір ғана гол соға алды. Одан кейін бразилиялық ойыншы да, Марк Гуаль да есепті еселей алар еді, бірақ алматылықтар шешуші сәттерде мүлт кетті.
Осылайша, алматылықтар негізгі уақытта жеңіске жетті, бірақ «Омониямен» текетірестің тағдыры шешілмеді — үшінші іріктеу кезеңіне өтетін команда тағы екі таймда, яғни 15 минуттан овертаймда анықталады. Себебі екі матчтың қорытындысы бойынша есеп 1:1.
Чемпиондар лигасы, 2-іріктеу кезеңі
«Қайрат» — «Омония» — 1:0 (негізгі уақыт)
Гол: Эдмилсон, 37
Алаңнан қуылу: Какулис, 26 («Омония»)
Екі матчтың жиынтығы: 1:1