«Қайрат» — «Омония» драмалық матчының бейнешолуы
«Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды. Алматылық клуб пенальти сериясында кипрлік «Омониядан» басым түсті, деп хабарлайды Sports24.kz.
Негізі матч тағдырын «Қайраттың» алаң ойыншылары да шеше алар еді, алайда олар өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруда тым дәлсіздік танытты. Бұған «Омония» сапындағы ерте ойыннан қуылу да әсер ете алмады. Кипрлік команда 26-минутта-ақ бір ойыншысынан айырылды.
«Қайрат» бірінен соң бірін мүмкіндіктерді жіберіп жатқанда, 36-минутта алаңға шыққан Эдмилсон есеп ашты. Алайда келесі кезеңге өту үшін бұл жеткіліксіз болды.
Алматылық футболшылар шабуылдарын үдете түсті, бірақ доп қақпаға кірмей қойды. Осылайша ойын қосымша уақытқа ұласты. Қосымша уақытта да жағдай өзгермеді, ал «Омония» тіпті тоғыз ойыншымен қалды.
Матч тағдыры пенальти сериясында шешілді. Бұл жерде Темірлан Анарбеков тағы да қақпашылық шеберлігін көрсетіп, екі соққыны қайтарды. Оның сейвтері «Қайратты» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шығарып қана қоймай, клубтың еурокубоктардағы жолын кем дегенде желтоқсанның ортасына дейін ұзартты.
Назарларыңызға матчтың бейнешолуын ұсынамыз: