Ауыр жеңіс: «Қайрат» «Омонияны» жеңіп, Чемпиондар лигасының 3-ші кезеңіне өтті
«Қайрат» пен «Омония» арасындағы тартысты ойын голдан гөрі қызыл карточкаларға бай болып, Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама тағдыры пенальти сериясында шешілді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Рафаэль Уразбахтин шәкірттері алғашқы 24 минуттан кейін бір ойыншымен артық қалса да, негізгі 90 минутта-ақ ойынды жабуға жеткілікті сәттер жасады. Алайда, ойын экстра-таймдарға ұласып, «Қайрат» шабуылдаудан танбады, бірақ доп қақпа сызығынан өтпей қойды.
Алматылықтардың пайдасына тағы бір сәт — 111-минутта Сену Кулибали екінші ескерту алған соң, «Омония» сапында екінші қызыл карточка көрсетілді. Дегенмен, бұл да матчты пенальти сериясына жеткізбеуге мүмкіндік бермеді.
Дәл осы сәтте «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков жұлдызды сәтін көрсетті — негізгі уақытта айтарлықтай жұмысы болмағанымен, пенальти сериясында керемет сейвтер жасап, «Омонияны» қапы қалдырып, келесі кезеңге алып шықты.
Осылайша, «Қайрат» кем дегенде Конференциялар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды. Алматылықтардың Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы «Левски» мен «Университатя» арасындағы матчта анықталады.
Чемпиондар лигасы, 2-ші іріктеу кезеңі, қарымта матч
«Қайрат» — «Омония» — 1:0 (екі матчтың қорытындысы — 1:1)
Пенальти сериясы: 6:5
Алаңнан қуылулар: Какулис, 26, Кулибали, 111 (екеуі де — «Омония»).